Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көлік полицейлері пойыз жолаушысына жоғалған қомақты қаражатын қайтарды

Көлік полицейлері жолаушыға жоғалтып алған жалпы сомасы 7 млн теңгеге жуық қаражатын жедел тауып, қайтарып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz. 

3 ақпан күні Есіл станциясындағы желілік полиция бөлімшесіне елорданың 43 жастағы тұрғыны 4 миллион теңге және 6 мың АҚШ доллары салынған қара түсті сөмкесін жоғалтып алғандығын айтып, оны табуға көмек көрсету туралы өтініш білдірді.

Сөмкенің иесі Денис Чернецский Алматы-Орал бағытындағы жолаушылар пойызымен Есіл станциясына достарына қонаққа келген. Оның айтуынша, қомақты ақшасы мен құжаттары салынған сөмкесін жоғалтып алғанын үйге келгеннен кейін бірақ білген.

Денис бірден Есіл станциясындағы полицейлерге хабарласып, ақшасы салынған сөмкесін жоғалтып алғаны туралы хабарлаған.

Көлік сақшылары өте ширақтықпен жүргізген жедел-іздестіру іс-шарасының нәтижесінде жоғалған сөмкені тауып, оны толығымен иесіне тапсырды.

Ер адам тәртіп сақшыларына жедел әрекет еткендері және қызметтік міндеттерін адал атқарғандары үшін үлкен алғысын білдірді.

– Қызметкерлер менің сигналыма тез жауап берді. Пойыз бастығымен байланысып, менің сөмкемнің орналасқан жері анықталды. 6 сағаттан кейін құжаттар мен қолма-қол ақша салынған сөмке маған жеке қайтарылды. Полицейлерге көрсеткен көмегі үшін зор алғысымды білдіремін, – дейді Д.Чернецский.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру