Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көшеде мас күйде жүрген Павлодар облысының тұрғыны қамауға алынды

Көшеде мас күйде жүрген Павлодар облысының тұрғыны қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ертіс ауылындағы Қажымұқан көшесінде орналасқан дүкеннің жанында полиция қызметкерлері көшеде шайқалып жүрген ер адамды тоқтатты. Ер адамның мас күйінде екендігі анықталды. Бұл медициналық куәландырумен расталды. Кейінірек ер адамның бір жыл ішінде бұл күйде қайта ұсталғаны анықталды.

– 40 жастағы ер адамға қатысты полиция қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Материал сотта қаралды. Онда сот қаулысымен ер адам бес тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды, – деді Павлодар облысы Ертіс ауданының полиция бөлімінің бастығы Қуат Түсіпбеков.

Полицейлер осы жылдың басынан бері облыста алкогольдік ішімдіктерді ішкені және қоғамдық орында алкогольдік мас күйде болғаны үшін 1259 азамат, оның ішінде Ертіс ауданында 53 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру