Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұлытау облысы аумағында “Борышкер” ЖПІШ өтіп жатыр

Ұлытау облысы аумағында “Борышкер” жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шараның мақсаты – қала тұрғындарына әкімшілік құқық бұзушылық бойынша шығарылған қаулыны уақытында төлеу керек екенін түсіндіру. Яғни, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама рәсімделген күннен бастап 7 тәулік ішінде салынған айыппұлдың 50 пайыз жеңілдікпен төлеу мүмкіндігі мен әкімшілік құқық бұзушылық қаулысы шыққан күннен бастап 30 күн мерзімде ерікті түрде айыппұлды өндіру түсіндіріліп жатыр.

Аталған іс-шараға әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлерімен бірге жергілікті полиция және өңірлік жеке сот орындаушылары жұмылдырылған. Бірлескен іс-шара аясында айыппұл төлеуден жалтарып жүрген борышкерлердің автокөліктерін автотұраққа қою және мемлекеттік белгілерін алу жүзеге асырылып жатыр.

Іс-шараның нәтижесі бойынша құрылған жұмыс тобымен қызмет атқару барысында 9 автокөлік айып алаңына қойылып, 492 айыппұлды уақытылы төлемеген автокөлік иелеріне хабарлама таратылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру