Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Күйеуінің жанжалынан шаршаған Павлодар тұғыны полициядан көмек сұрады

Күйеуінің жанжалынан шаршаған Павлодар тұғыны полициядан көмек сұрады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар қаласының тұрғыны күйеуінің жанжалынан жалыққаннан полицияға жүгінген. Тәртіп сақшыларына ол осы қатынастан қатты шаршағанын айтып шағымданды. Әйелі жалғыз жұмыс істейтінін, ал күйеуі болса достарымен уақыт өткізіп, балаларды тәрбиелеуде көмек көрсетпейтінін айтқан.

Аталған мекенжайға барған полицейлер 37 жастағы ер адамның мұндай әрекетті бірнеше рет жасағанын анықтады. Биыл ол отбасылық-тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Сондықтан қайталама әрекет жасағаны үшін ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК 73-бабының 2-бөлімі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Материал сотқа жіберілді.

Биылғы жылы Павлодар облысының аумағындағы үй жанжалдары үшін 3178 адам жауапқа тартылды, оның 217-сі қайта жасағандар. Полиция жақын туыстар арасындағы мұндай қиындықтардың себептері материалдық келіспеушіліктер, алкогольдік ішімдік ішу және тағы басқалары екенін атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру