Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Купеде ішімдік ішіп, темекі тартқан жолаушы пойыздан түсірілді

Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері купеде ішімдік ішіп, темекі тартқан жолаушыны пойыздан түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкенттен Нұр-Сұлтан қаласына бара жатқан пойыз вагонында жолаушы ішімдік ішіп, шылым шегіп, ескертулерге құлақ аспаған. Жолсерікке полиция нарядын шақыруға тура келді. Шу станциясында полицейлер аталмыш жолаушының купесін тексерді.

Түркістан облысының тұрғыны, 37 жастағы жолаушы полицейлерге билет сатып алғанын және купеде қалағанының бәрін жасай алатынын ұзақ уақыт дәлелдеп әлек болды. Ер адам құқық қорғау органы қызметкерінің заңды талабына бағынбады.

Ұсталған адамға қатысты ішімдік ішкені, темекі шеккені және биліктің заңды өкіліне бағынбағаны үшін бірден үш әкімшілік хаттама толтырылды.

Жыл басынан бері көлік полицейлері түрлі құқық бұзушылықтар үшін 25 мыңнан астам қазақстандықты әкімшілік жауапкершілікке тартты. Оның ішінде ең көбі алкогольге қатысты заңнаманы бұзғандар – 2,5 мыңнан астам адам.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру