Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Нұр-Сұлтанда полицейлер синтетикалық есірткіні өткізген 21 жастағы жігітті ұстады

Нұр-Сұлтанда полицейлер синтетикалық есірткіні өткізген 21 жастағы жігітті ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Қарасора-2021” ЖПІШ шеңберінде полицейлер елорда аумағында есірткі және психотроптық заттарды өткізумен айналысатын адамдарды анықтау және олардың іс-әрекетінің жолын кесуге бағытталған мақсатты жұмыс жүргізуде.

Полицейлер жедел-іздестіру іс-шаралары барысында теміржол вокзалында есірткіні өткізгені үшін 21 жастағы қала тұрғынын ұстады.

Күдіктінің жалдамалы пәтерін тінту барысында электронды таразы, есірткіні буып-түюге арналған 350 дана полиэтилен пакеті, 255 000 теңге ақшалай қаражат, сонымен қатар өткізуге дайындап қойған “синтетикалық” есірткі тәркіленді.

Тәркіленген есірткі 90 рет қолданылатын дозаға буып-түйілген. Синтетикалық есірткіні күдікті қала аумағында өткізбекші болған.
Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктіге ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі бойынша айып тағылуда.

Ұсталған адам Нұр-Сұлтан қаласы ПД УҰИ қамауға алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру