Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Пышақпен қорқытып, кассадан ақша ұрлаған: Ақтауда букмекерлік кеңсеге шабуыл жасағандар анықталды

Ақтауда букмекерлік кеңсеге шабуыл жасағандар анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 22 шілдесі күні Ақтау қаласы Полиция басқармасының кезекші бөліміне “LOTO-CLUB” букмекерлік кеңсесіне белгісіз екі адамның қарақшылық шабуыл жасағандығы жөнінде хабарлама келіп түсті.

Қаскүнемдер күзетші мен касса қызметкерін пышақпен қорқытып, кассадан 1 150 000 теңге ақша қаражатын ұрлап, оқиға орнынан бой тасалап кеткен.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 192-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері Маңғыстау облысының екі тұрғынын анықтап, ұстады.

Мамандандырылған тергеу сотының санкциясымен ұсталғандарға қатысты “күзетпен ұстау” түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру