Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мал ұрлаған екеудің екі жыл бұрын болған қылмысқа да қатысы бары тергеуде анықталды

Мал ұрлаған екеудің екі  жыл бұрын болған қылмысқа да қатысы бары тергеуде анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Дерек Панфилов ауданында тіркелді. Полицейлер мал ұрлаған екеуді ұстады. Тергеушілер ер адамдардың 2020, 2021 және 2022 жылдары болған бірқатар ұрлықтарға қатысы бар екенін дәлелдеді.

Қазан айының соңында Айдарлы ауылының тұрғынынан белгісіз біреулер құны 550 мың теңге тұратын жылқыны айдап кеткен. Жергілікті учаскелік полицей осы ауылдың тұрғындары болып шыққан екі күдіктіні анықтады. Жылқы ұрлаушылар ұсталып, аудандық полиция бөліміне жеткізілді.

– Тергеушілер жауап алу кезінде ұсталғандардың 2021 және 2020 жылдары тіркелген тағы екі мал ұрлығына қатысы бар екенін анықтай алды. Мал ұрлығының барлық үш дерегі бойынша жалпы шығын шамамен 1,4 млн теңгені құрады. Екі ұрлық та Айдарлы ауылдық округінің аумағында жасалған. Күдіктілер мал сою орындарын көрсетті, – деді Панфилов АПБ бастығының орынбасары Ернар Қалтаев.

Аудандық соты екі күдіктіге қатысты үй қамаққа алу бұлтартпау шарасы қолданылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру