Маневрді қауіпсіз жаса: полиция ЖҚЕ талаптарын сақтаудың маңызын еске салды
Павлодар облысында полиция ЖҚЕ талаптарын сақтаудың маңызын еске салды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Жол қозғалысы ережелерін бұзудың жиі кездесетін түрлерінің бірі – маневр жасау талаптарын сақтамау. Бұрылыс кезінде тиісті сигналды уақытылы қоспау немесе жолдағы жағдайды ескермей қайта қатарға түсу қауіпті жағдайға әкеліп, жол-көлік оқиғасының орын алу қаупін арттырады.
- Павлов көшесінде қоғамдық көлік жүргізушісі бұрылыс кезінде тиісті бұрылу сигналын қоспаған. Жүргізушінің жеке басы анықталып, жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – дейді Павлодар облысының ПД.
Айта кетейік, жыл басынан бері маневр жасау ережелерін бұзғаны үшін шамамен 4 мың жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Полиция азаматтарға көлік құралының қозғалыс бағытын өзгерту кезінде жол қозғалысы ережелерінің талаптарын қатаң сақтауды ескертеді. Кез келген маневрді бастамас бұрын оның қауіпсіз екеніне көз жеткізіп, тиісті бұрылу сигналын уақытылы беру және жол қозғалысының өзге де қатысушыларының әрекетін ескеру қажет.
