Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау облыстық тас жол блок-бекеттері күшейтілген режимде жұмыс істейді

Түркіменстан-Кендірлі-Жаңаөзен мен Жаңаөзен-Ақтау бағытындағы блок-посттарда 93 көлік, 100-ге жуық жолаушы тексерілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері қарқынды жұмыс жасап, күшейтілген қызметке кірісті. Жаңаөзен қаласының полицейлері 93-тен астам көлік пен 100-ге жуық жолаушыларды тексерді. Әлемді дүр сілкіндірткен індеттің алдын алу мақсатында Жаңаөзенде кешенді қауіпсіздік шаралары жүргізіліп жатыр.

20 наурыздан бастап Түркіменстан-Кендірлі-Жаңаөзен бағытында блок-бекеттер қойылып, санитар мамандар мен жергілікті полицейлер тәулік бойы қызмет етеді. Жаңаөзен қаласы бойынша 2 блок-бекет іске қосылған. Бұл бекеттерде полицейлер және медицина мамандары әрбір көлікті тоқтатып, арнайы құрылғымен азаматтардың дене қызуларын өлшеп, тексерістен өткізеді. Одан бөлек әлеуметтік, кәсіпкерлік нысандар мен адам көп жиылатын қоғамдық орындардың жұмыс жасау режимі өзгертіліп, шектеулер қойылды. Алдын алу шараларының барлығында Жаңаөзен қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері қарқынды жұмыс жасап, күшейтілген қызметке кіріскен. Тәртіп сақшылары республикалық маңызы бар автожолдардарда қызметтік көліктерімен жұмылдырылып, жедел әрекет етіп жатыр. Жаңаөзендік полицейлер бекеттерде сағат сайын бақылау жасап, кезекшілікпен қызмет атқарады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру