Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде психологиялық тренинг өтті

Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде психологиялық тренинг өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ГМ-172/8 қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде сотталғандар арасында тәрбие және әлеуметтік психологиялық жұмыстары бойынша бөлімінің психологиялық қамтамасыз ету тобының аға инспектор психологы К.Саиповамен “Дағдарыс жағдайында психологтың көмегі” тақырыбында дәріс өткізіліп, “Менің болашақ өмірім” тақырыбында тренинг ұйымдастырылды. Тренингке мекемеде жазасын өтеп жатқан сегіз сотталған қатысты.

Мақсаты – сотталғандардың ой-өрісін кеңейту, психологиялық сауаттылығын, өмірге деген құлшынысын арттыру, психологқа жүгінуге ынталандыру.

Психолог қиын өмірлік жағдайға тап болған, өмірде белгілі бір жетістіктерге жетуді, өзімен немесе басқа адамдармен үйлесімді қарым-қатынас орнатқысы келетін сау адамдармен жұмыс істейді. Психологқа жүгіну – ауру, әлсіз немесе жеткіліксіз адам екендігінің дәлелі емес.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру