Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде мерекелік іс-шара өтті

Тұңғыш Президент күніне орай Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде мерекелік іс-шара өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мереке қарсаңында ведомстводода салтанатты шара өтті. Шара еліміздің Әнұранынан басталды. Департамент бастығы Алтынбек Қалиев ардагерлер мен жеке құрамды мерекемен құттықтап, оларды марапаттады.

Жантұрған Исакулов, Андраник Нерсисян, Сергей Туретаев, Рашид Шаханов және Жетібай Утесинов сынды сала ардагерлері департамент басшысының атынан Грамоталармен марапатталды.

Сонымен қатар, ҚР Ішкі істер министрі Е.Тұрғымбаевтың атынан “Қылмыстық-атқару жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін” медалімен ГМ-172/10 мекемесі бастығының орынбасары Есбулат Ағлепесұлына және Бейнеу аудандық пробация қызметі бөлімінің аға инспекторы Аманжол Шоғыбаев марапатталды.

Сондай-ақ, ҚР ІІМ “Қылмыстық-атқару жүйесінің үздігі” кеуде белгісі ГМ-172/8 мекемесінің сотталғандар арасында тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмысы бөлімінің бастығы Руслан Буралкиевке жәнеТүпқараған аудандық пробация қызметі бөлімінің бастығы Айхайбек Наковқа табысталды.

Сала қызметкерлері грамоталармен, алғыс хаттармен марапатталып, алғыстар жарияланды.
Марапаттау рәсімінен соң, шара концертке ұласты. Ардагерлер ведомство басшылығына өз ризашылығын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру