Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау облысы көші-қон қызметі биыл 41 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетті

Маңғыстау облысы көші-қон қызметі биыл 41 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Маңғыстау облысындағы көші-қон жағдайы тұрақты. Облыста 8 715 шетел азаматы тұрады. Облыс бойынша полицияның көші-қон қызметі өз жұмысындағы басымдылықтардың бірі мемлекеттік қызметтерді сапалы және уақытылы көрсету екенін хабарлады. Жыл басынан бері оның 41 мыңнан астамы қамтамасыз етілді.

Қазақстан Республикасында болу ережелері бойынша 1 218 шетелдік және Қазақстан Республикасының азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Шетелдік немесе азаматтығы жоқ азаматтардың Қазақстан Республикасы халықтың көші-қон саласындағы заңнамасын бұзғандығы үшін ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы бойынша 1 004 хаттама толтырылды. Сондай ақ, Республика заңнамасын бұзып, шетелдік жұмыс күшіне тартқандығы үшін 26 ҚР азаматтары жауапкершілікке тартылды. Ал әкімшілік кодекстің 518-бабы бойынша 188 хаттама жасақталды. Республикадан тысқары 47 шетел азаматы шығарылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру