Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау облысында бейнекамералардың көмегімен 96 қылмыстың беті ашылды

Маңғыстау облысында жыл басынан бері бейнекамералардың көмегімен 96 қылмыстың беті ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел басқару орталығы сан салалы полиция күшін үйлестірудің негізгі пункті болып саналады. Дәл осы жерге тәулік бойы қылмыс мен оқиғалар туралы барлық ақпарат келіп түседі. Кезекші ауысым жұмысының арқасында патрульдік және учаскелік инспекторлар шақыртуларға уақытылы барып, тұрғындарға көмектесе алады.

Жыл басынан бері бейнекамералардың көмегімен 96 қылмыстың беті ашылды. Оның ішінде 28 ұрлық қылмысы, 17 бұзақылық, үш көлік айдап кету дерегі, мас күйінде қайталап көлік басқару, яғни ҚР ҚК-нің 346-бабы бойынша сегіз дерек және тағы басқа да құқық бұзушылықтар анықталды. Сондай-ақ 14 507 түрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталды. Олардың басым бөлігі жол қозғалысы ережелерін бұзу болды. Жыл басынан бері бейнекамералар арқылы жол ережесін бұзудың 11057 дерегі анықталды. Құқық бұзушылар тиісті жауапкершілікке тартылды. ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы бойынша 557 адамға қатысты хаттама жасақталды. ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабымен 800-ден астам адам жауапқа тартылды.

Жалпы, облыста жыл басынан бері 102 желісіне әртүрлі сипаттағы 80 867 қоңырау мен шақырту келіп түскен. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру