Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау облысында жыл басынан автожолдар мен теміржол өткелдеріне 750 тексеру жүргізілді

Маңғыстау полицейлерінің жол қозғалысын ұйымдастыруы – жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға мүмкіндік берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– Маңғыстау облысы ПД Әкімшілік полиция басқармасының жол және техникалық инспекция бөлімінің қызметкерлері облыс автожолдарында жол қозғалысын ұйымдастыруда қабылданған кешенді шаралар жолдардағы апаттылықты 10%-ға төмендетуге мүмкіндік берді,- деп атап өтті  Маңғыстау облысының ПД бастығы Жанарбек Бақтыбаев.

Биыл жылдың басынан бері автожолдар мен 27 теміржол өткелдеріне 750 тексеру жүргізілді, олардың нәтижелері бойынша 766 ұйғарым берілді, оның ішінде 16-ы теміржол өткелдерін күтіп ұстау бойынша.

Маңғыстау облысының ПД бастамасымен қала сыртындағы трассаларда үш реттелмейтін жаяу жүргіншілер өтпесі жасанды жарықтандырумен жабдықталды, 1300 шаршы метрге жуық жол белгілері салынды, 9400 шаршы метр жол төсемі жөнделді, 150-ден астам жол белгілері ауыстырылды, жүргізушілерге арналған мал айдайтын орындар туралы үш ескерту жол белгілері орнатылды, 1000 метр қоршау құрылғылары қалпына келтірілді, 1000-ға жуық сигналдық белгілер орнатылды және 1486 метр брус қалпына келтірілді.

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуде облыс орталығында 100 жол белгісі орнатылды және 63 жол белгісі ауыстырылды, 1460 шаршы метр шұңқырлық жұмыстар жүргізілді, 25 мың шаршы метрден астам жол белгілері салынды. Сондай-ақ, реттелмейтін үш жолдың жүру бөлігінің өткізу қабілетін жақсарту үшін бағдаршам нысандарымен жабдықталған.

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасатын болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру