Маңғыстау облысының автожолдарында лазерлік бағыттаушы жүйелер іске қосылды
Маңғыстау облысының автожолдарында лазерлік бағыттаушы жүйелер іске қосылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Маңғыстау облысындағы республикалық маңызы бар автожолдарда жүргізушілердің қауіпсіздігін арттыру мақсатында жаңа лазерлік жүйелер іске қосылды. Атап айтқанда, Бейнеу – Ақжігіт бағытындағы тас жол учаскелерінде арнайы жарық бағыттаушы құрылғылар орнатылды.
Жаңа технология түнгі уақытта және көріну деңгейі төмен жағдайларда жүргізушілерге жол бағытын айқын көруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ ұзақ жолда шаршаудың алдын алып, зейінді сақтауға ықпал етеді.
Лазерлік бағыттаушы жүйелер жол-көлік оқиғаларының алдын алуға және трассадағы қауіпсіздікті күшейтуге бағытталған. Аталған жоба еліміздің бірқатар ақылы автожолдарында кезең-кезеңімен енгізілуде.
