Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстауда пробация қызметкерлері “Менің сүйікті қалам” сенбілігіне қатысты

Маңғыстауда пробация қызметкерлері “Менің сүйікті қалам” сенбілігіне қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Маңғыстау облысында “Біз адамдармыз – Біз біргеміз!” қайырымдылық қордың басшысы Иманғазы Досмұхамбетовтың ұйымдастыруымен жаппай сенбілік өтті. Жағалау аумағын жинауға Маңғыстау облысы Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің пробация қызметкерлері, Ақтау қаласы және Мұнайлы ауданының пробация қызметінің есепке алынған адамдары, Ақтау қаласының көпбалалы аналары, қордың еріктілері, “Caspiy Operаting” ЖШС, “Қайнар”колледжінің студенттері белсенді қатысты. Сонымен қатар, іс-шараға Үнді этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары Вододария Хитеш Чандра да өз үлесін қосты.

– Мұндай сенбіліктерді өткізу өте қажет. Олар әрбір адам өзі тұратын жерде тазалықты сақтауы тиіс екенін еске салады, — деп бөлісті пробация қызметінің аға инспекторы Ғабит Чутабеков.

Осы іс-шараның мақсаты – теңіз жағалауын қоқыстан тазарту және осы акцияға қаланың басқа ұйымдары мен мемлекеттік мекемелерін тарту.

– Біз жанашыр азаматтардың бейжай қарамай, атсалысқанына өте қуаныштымыз. Біз бірге қаланың бірнеше шақырымдық жағалауын тазарттық. Өйткені бізде бір ғана теңіз бар және оны бағалауымыз керек, – деп атап өтті іс-шараны ұйымдастырушы.

Ол облыстың пробация қызметінің қызметкерлеріне ерекше алғысын білдірді, олар өздерінің мол жұмысына қарамастан, әрдайым уақыт табады және қордың өткізетін барлық іс-шараларға қатысады.

Сенбілікке алғаш рет пробация есебінде тұрған сотталғандар қатысты.

– Әрине, олар да қаланың қарапайым азаматтары, басқалармен бірге теңіз жағасында тазалық жүргізді. Олардың кейбіреулері жақында қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінен босатылып шыққан. Олар теңіз бұрын таза болған дейді. Олар біздің сүйікті қаламыздың гүлденуі үшін осындай акцияларға қатысуға белсенділігі мен қуанышын байқауға болады, – дейді Г.Чутабеков.

Іс-шара соңында қордың ерікті азаматтары мен көпбалалы аналар акция қатысушыларына шай берді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру