Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстауда сотталғандар арасында викториналық ойын ұйымдастырылды

Маңғыстауда сотталғандар арасында викториналық ойын ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті ГМ-172/10 мекемесінде экстремизм және терроризм баптарымен сотталғандар арасында “Ұлттық құндылықтар – ұлт ұстанымы” тақырыбында викториналық ойын ұйымдастырылды.

Шараға мекеменің теологтары мен психологтары, сонымен қатар, “Ақниет” ақпараттық-зерттеу және теологиялық орталығының өкілдері қатысты. Ойын барысында ұлттық салт-дәстүрлер, қазақ халқының ұлы тұлғалары, өзге де ұлттық мәдени мұралар жайлы сұрақтар қойылды.

Жазасын өтеушілер бар ынта-жігерін салып, шеберліктері мен ой ұшқырларын көрсете білді. Мықтылық білекте емес, білімде екендерін паш етіп, интеллектуалдылық тұрғысынан өздерінің осал еместігін көрсетті.

Сайыс соңында жеңімпаздарға “Кемел адам” кітабы және тәттілер сыйға берілді. Сайысқа қатысушылар шараны ұйымдастырушы мекеме қызметкерлері мен мамандарға алғысын айтты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру