Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстауда жаяу патрульдеу жүзеге асуда

Маңғыстауда полиция қызметкерлері жаяу патруль қызметімен оқиға орнына жету тиімділігін қолдануда,-деп хабарлайды Polisia.kz.
Құқық бұзушылықтың алдын алу және болдырмау мақсатында Маңғыстау облысы Полиция департаменті қызметкерлері елді мекендерде, аудандарда, аулаларда және гараж кооперативтерінде көше қылмыстары көп болатын аймақтарда жаяу патруль қызметін атқарады.
Қылмыс орын алған оқиға орнына жаяу жету оңай. Жаяу патрульдеудің мақсаты-көше қылмысының алдын алу. Осы шараларды жүргізу арқылы біз қауіпсіздік жағдайын жақсартуға, соның ішінде құқық бұзушылықтарды алдын алуға және шешуге күш-жігер жұмсау арқылы қол жеткізе аламыз.
Жаяу патруль қызметін атқаратын полицейлер қала тұрғындарымен тығыз қарым-қатынас жасай отырып, көшеде туындаған мәселелерді дереу шешеді. Патрульдік полиция қызметкерлері өз міндеттерін құқық бұзушылықтың алдын алу үшін көреді.
Маңғыстау облысында барлығы 73 патрульдеу бағыты әзірленген , оның ішінде 15 автопатрульдер, 45 жаяу бағыт, 12 атты бағыт ,1 модульді бекет бар.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру