Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстаулық полицейлер көлік жүргізушісіне дөңгелегін ауыстыруға көмек көрсетті

“Instagram” әлеуметтік желісіндегі парақшада полиция қызметкерінің жүргізушіге дөңгелегін ауыстыруға көмек көрсетіп жатқан сәтінің бейнежазбасы шықты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

15 қаңтарда Ақтау қаласы Полиция басқармасының “Жалын-1” жаяу патрульдік жасағының қызметкері Төребек Мамбетов белгіленген аймақты патрульдеу кезінде жол жиегінде бұзылған автокөлікті байқап, көмек көрсеткен.

Мән-жайды анықтау кезінде көліктің шұңқырға кіріп кетіп, дөңгелегінің жарылып қалғаны белгілі болды. Өзімен бірге ешқандай қажетті құралы болмаған жүргізуші өзгелерден көмек күткен. Жүргізуші тәртіп сақшысы көмекке келгенге дейін, ер адамға басқа ешкім көмек ұсынбағанын айтып, полицейлерден көмек сұраған.

Патрульдік полицейлер көлікті жөндеуге қажетті құралдарды алдырып, орын алған келеңсіз жағдайды дер кезінде шешуге көмектесті. Көлікті қайта жүруге жарамды еткен полицейлерге риза болған автокөлік иесі оларға өз алғысын білдірді. Сонымен қоса, жүргізуші “Instagram” әлеуметтік желісіндегі Департаменттің парақшасына да алғысын жолдады.

– Жаяу патруль қызметін атқаратын полицейлердің міндеттері қала тұрғындарымен тығыз қарым-қатынас жасай отырып, көшеде туындаған мәселелерді дереу шешуге бағытталған. Маңғыстаулық тәртіп сақшылары қандай жағдайда да әрдайым көмек көрсетуге дайын, – деп атап өтті облыстың бас полицейі Жанарбек Бақтыбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру