Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сотталған азамат алғаш рет паспорт алды

ШҚО бойынша ҚАЖД қызметкерлері сотталған азаматқа алғаш рет паспорт ресімдеуге көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазір сотталған азамат 31 жаста. Ол алғашқы төлқұжатын 31 жасында алып отыр.

Сотталған азамат ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ-156/15 мекемесінде үш жылдан бері жазасын өтеп жатыр. Ол 2017 жылы адам өлтіргені үшін 15 жылға бас бостандығынан айырылған. Сотталған кезде оның жеке басын растайтын құжаттары болған жоқ. Ол азаматтығы жоқ адам ретінде сотталған.

Мекеме қызметкерлері сотталған азаматқа төлқұжат алуға көмектесті. Сотталған алғаш рет куәлік алғанына қатты қуанды. Өйткені, құжаттарының болуы оған босатылғаннан кейін әлеуметтік төлемдер алуға, некені тіркеуге, жұмыспен қамту қызметіне тіркеуге, жұмысқа орналасуға мүмкіндік береді.

– Мен Ресей Федерациясында туғанмын, төрт жасымда анаммен Қазақстанға көшіп келдім. Әкем Ресейде қалды. Осы уақытқа дейін ҚР паспортын ресімдей алмадым, – деді ол.

Айта кетейік, 2020 жылы мекеме қызметкерлері 38 сотталған азаматтың құжаттарын ресімдеген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру