Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Мегакам.Қорғау” қосымшасы: СҚО полицейлері 2 мыңнан астам тәртіп бұзушыны тоқтатты

СҚО полицейлері “Мегакам.Қорғау” мобильдік қосымшасының көмегімен 2 мыңнан астам тәртіп бұзушыны тоқтатты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстікқазақстандық полицейлер бір жылдан астам уақыттан бері интеллектуалды бейнекамералармен тығыз байланыста жұмыс істейтін “Мегакам.Қорғау” мобильдік қосымшасын пайдаланып келеді. Петропавл қаласының жол желісінің қарқынды учаскелерінде және облыстың бірнеше аудандарында орнатылған аппараттық-бағдарламалық кешендер жол жүрісі қағидаларының бұзушылықтарын, тәртіп бұзушылардың нөмірлік белгілерін автоматты түрде тіркейді. Егер жүйе жүргізушіні өз бетінше анықтай алмаса, оны қосымшаның көмегімен іздеуге болады. Ол барлық патрульдік полиция экипаждарының планшеттерінде орнатылған.

“Мегакам.Қорғау” интеллектуалдық бейнекамераларының назарына түскен автокөліктердің ішінде қылмыстық көліктерді, басқару құқығынан айырылған жүргізушілерді, жалған мемлекеттік нөмірлерді, мерзімі өткен сақтандыру полисі мен техникалық тексеруі бар жүргізушілерді, айыппұл мен алимент төлемейтіндерді, сондай-ақ шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған жүргізушілерді және әкімшілік қадағалау бекітілген тұлғаларды анықтауға мүмкіндік береді.

– Өткен жылдың 16 қарашасында өңірде “Мегакам.Қорғау” қосымшасы арқылы жұмыс істейтін 28 жаңа аппараттық бағдарламалық кешен іске қосылды. Бір жыл бір ай ішінде полиция қызметкерлері қосымшаның көмегімен белгілі бір құқық бұзушылықтар үшін көлік құралдарын 2366 рет тоқтатқан. Олардың басым көпшілігі – борышкерлер. 78-і – міндетті сақтандыру полисінсіз көлік жүргізген жүргізушілер. 17 жүргізушінің көлік басқару құқығы болмаған, 9 жағдайда жүргізушілер басқару құқығынан айырылған, – дейді СҚО ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Әлжанов.

Полицейлердің айтуынша, қазіргі заманғы цифрлық құралдар – құқықтық тәртіпті нығайтудың, жүргізуші тәртібін арттырудың және заңдылықты бұзғаны үшін жазаның бұлтартпастығы қағидатын іске асырудың тиімді құралы.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру