Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Мотоцикл” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр

Қызылорда облысында “Мотоцикл” жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Автомобиль жолдарында мотокөлік жүргізушілер арасында көліктік тәртіпті арттыру мақсатында маусым айының 18-25 күндері аралығында Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы Бектөре Сұлтанның нұсқауымен Қызылорда облысы бойынша “Мотоцикл” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр.

Іс-шараның төрт күнінде мотокөлік құралдарының жүргізушілері тарапынан жол қозғалысы ережесін бұзудың барлығы – 241 дерегі анықталды, оның ішінде, мотокөлік құралдары арқылы түнгі тыныштықты бұзудың (ҚР ӘҚБтК-нің 437 бап) – жеті дерегі, жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттік белгі тағудың (590.4б.)3, заңсыз қайта жабдықтаудың (590.7-бап) 10, міндетті техникалық қарап-тексеруден өтпеген (590.9 бап) 22, мотошлем пайдалану жөніндегі талаптарды бұзудың (593 бап) 58, тиісті құжатсыз мотокөлік басқарудың (612.1 бабы) – 66, мас күйінде мотокөлік басқарудық (608 бап) – екі дерегі анықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру