Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Мүгедектікті ресімдеп беремін”: семейлік 1,4 миллион теңгесінен айырылды

ШҚО-да алаяқтық жасады деген күдікпен 27 жастағы әйел анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 23 мамырында Семей қ. ПБ Орталық ПБ 102 жедел арнасына 47 жастағы қала тұрғыны 2020 жылдың қазан айының ортасында бейтаныс әйел оның сеніміне кіріп, мүгедектікті ресімдеп беремін деген сылтаумен 1,4 миллион теңге мөлшеріндегі ақша қаражатын иемденгені туралы арызбен жүгінді.

– Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері бұл қылмысты кезекші тәулікте ашты.
Осы қылмыстық құқық бұзушылықты жасады деген күдікті 27 жастағы әйел анықталды. Күдікті ақшаны өз мұқтаждықтарына жұмсағанын түсіндірді, – деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

ШҚО Полиция департаменті бейтаныс адамдарға қандай да бір қызмет көрсеткені немесе түрлі тауарларды, соның ішінде ғаламтор арқылы сатып алғаны үшін ақшалай қаражат пен өзге де тауарлық-материалдық құндылықтарды алдын ала бермеуді ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру