Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

"Назар аударыңыз — балалар!": Абай облысында студенттерге қауіпсіздік сабағы өткізілді

"Назар аударыңыз — балалар!" республикалық акциясы аясында Семей қаласындағы колледж студенттеріне жол қозғалысы қауіпсіздігіне арналған қауіпсіздік сабағы өткізілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысы полиция департаментінің қызметкерлері "Назар аударыңыз — балалар!" республикалық акциясы шеңберінде Семей қаласындағы Электротехника колледжінің студенттерімен жол қозғалысы қауіпсіздігі тақырыбында арнайы кездесу ұйымдастырды. Іс-шараның басты мақсаты – жастардың жол қозғалысы ережелерін сақтау мәдениетін қалыптастыру, жауапкершілік сезімін арттыру және жол-көлік оқиғаларының алдын алу.

Кездесу барысында студенттерге жол қозғалысы ережелерін сақтау маңыздылығы жан-жақты түсіндірілді. Арнайы назар жаяу жүргіншілердің жолдан өту тәртібіне, жарық шағылыстыратын элементтерді дұрыс қолдануға және жасөспірімдердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларын алдын алуға аударылды.

Сабақ барысында полиция қызметкерлері нақты жол жағдайларының мысалдарын келтіріп, ЖКО-ның негізгі себептері мен оның алдын алу жолдарын талқылады. Студенттерге жолдағы өзекті қауіптер, көлік құралдарының жылдамдығы мен жол белгілерін сақтау маңыздылығы, сондай-ақ жол қозғалысына қатысудың барлық аспектілері түсіндірілді.

- Жол қозғалысы ережелерін сақтау – әрбір азаматтың міндеті. Жаяу жүргінші де, велосипедші де, автокөлік жүргізушісі де абай болуды, өз әрекеттерінің салдарын алдын-ала бағалауды үйренуі қажет. Біз әрбір кездескен студентіміздің жолда қауіпсіз жүріп, жауапкершілік танытатынына сенеміз, - деді әкімшілік полиция басқармасы қызметкері.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру