Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Немересін тауып бергені үшін тұрғын полицейлерге алғысын білдірді

Қызылорда облысында полиция қызметкерлері жоғалған бес жасар баланы әжесімен табыстырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

4 мамыр сағат 13:00 шамасында Қызылорда облысы Жаңақорған кентінің тұрғыны аудан полиция бөлімінің “102” арнасына қоңырау шалып, бес жастағы немересі үйінің есік алдында ойнап жүріп, белгісіз бағытқа шығып кеткені туралы хабарлаған.

Аталған хабарлама бойынша Жаңақорған ауданының полиция бөлімінің жеке құрамы дереу құлақтандырылып, іздестіру жұмыстары жүргізілді.

Барлық туыстарының және таныстарының үйлеріне барып, көшелерді, көп қабатты үйлердің жер төлелерін, қараусыз қалған үй-жайларды аралап іздестіру жұмыстарының нәтижесінде жеті сағаттан кейін кент орталығының көшелерінің бірінде адасып жүрген бала табылды.

Полиция қызметкерлері баланы әжесінің қолына аман-есен тапсырды. Қызметкерлерге алғысын білдірген тұрғын жұмыстарына сәттілік тіледі.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру