«Нерест-2022» ЖПІШ: ШҚО полицейлері браконьерлерден 2 тоннадан астам балық тәркіледі
ШҚО полицейлері «Нерест-2022» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында браконьерлерден екі тоннадан астам балық тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шығыс Қазақстан облысында «Нерест-2022» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Аталған іс-шараның мақсаты – балық және балық ресурстарын заңсыз өндіруге, тасымалдауға және сатуға байланысты құқық бұзушылықтар мен экологиялық қылмыстардың алдын алу және анықтау.
– Операция басталғаннан бері ШҚО-да балық ресурстарын заңсыз аулаудың 195 құқық бұзушылығы анықталды.187 адамға қатысты жалпы сомасы 2,5 млн теңгеден астам әкімшілік айыппұл салынды, – деді ШҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Елдос Закимов.
Жалпы, «Нерест-2022» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде полиция құқық бұзушылардан екі тоннаға жуық балық, 2900 метр синтетикалық ау, 32 балық аулау құралын тәркіледі. Келтірілген залал сомасы 10 млн теңгеден асты.
Балық аулау нормалары мен ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік ғана емес, қылмыстық жауапкершілік те қарастырылған. ШҚО Полиция департаменті азаматтардан табиғи байлықты сақтау мақсатында тыйым салынған аралықта балық аулаудан бас тартуға шықарды.