Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте “Полиция – балалар көзімен” сурет байқауы өтті

Шымкентте “Полиция – балалар көзімен” сурет байқауы өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері Білім басқармасымен бірлесіп, Оқушылар сарайында “Полиция – балалар көзімен” атты сурет байқауын өткізді.

Іс-шара Қазақстан полициясының 30 жылдығына орай арнайы ұйымдастырылды. Байқаудың мақсаты – балаларды патриоттық рухта тәрбиелеу, олардың ішкі істер органдары қызметкерлеріне деген сенімін арттыру, сондай-ақ өскелең ұрпақтың полиция қызметі туралы оң пікірін қалыптастыру.

Шығармашылық жарысқа аса қызығушылық танытқан 36 дарынды оқушы қатысты. Балалар суреттерінде полицейлердің жұмысы туралы өз көзқарастарын көрсетті. Қатысушылардың әрқайсысы полицейдің бейнесін өзінше суреттеген, алайда балалардың барлық шығармаларын бір ой біріктірді, яғни ол – полицей – қорғаушы.

Балалар өз еңбектерін қаланың көркем өнер мектептерінің оқытушыларынан құрылған қазылар алқасына ұсынды. Қазылар алқасының шешімімен байқаудың барлық қатысушыларына алғыс хат табысталды. Үздік жұмыстардың авторлары Marwin балалар дүкенінің дипломымен, сертификаттарымен марапатталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру