Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖД мен Құқық қорғау органдары академиясы арасында меморандум жасалды
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖД мен Құқық қорғау органдары академиясы арасында меморандум жасалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы және Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум жасалды.
Аталған меморандумның негізінде білім беру және ғылыми-зерттеу қызметі саласында онтайлы жұмыстар атқаруға болады. Дәлірек айтсақ, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖД қызметкерлері үшін мамандар даярлауда ғылыми зерттеулерді дамытуда Тараптардың өзара жәрдемдесу және ғылыми зерттеулерді дамыту жолында бір қатар жұмыстар жасалады.
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖ департаменті үшін кәсіби кадрлар даярлаудың, өзара қызығушылық, теориялық және практикалық маңызы бар іргелі және қолданбалы зерттеулерді бірлесіп жүргізеді. Аталған меморандумның негізінде онтайлы жұмыстар атқарылатын болады.