Ойнап жүріп, үйінен алыстап кеткен жасөспірімді полицейлер тапты
Павлодарлық полицейлер ойнап жүріп үйінен алыстап кеткен 8 жастағы баланы тауып, анасына қайтарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
7 маусым сағат 20: 51-де Солтүстік полиция бөлімінің кезекші бөліміне 32 жастағы әйелден хабарлама келді. Сағат 18.30 шамасында 2012 жылы туған ұлының көрші ауладағы ойын алаңына ойнауға шыққанын хабарлады. Біраз уақыттан кейін анасы ұлының артынан іздеп барған, бірақ баласы ойын алаңында болмаған. Осы қоңырауды қарау барысында баланың анасы «102» пультіне қоңырау шалып, шақырғаны анықталды.
Көрші аулада баланы таппаған соң, іздеуді өздігінен бастаған. Барлық жағдайды біліп отырған анасы баласын өз бетінше таба алмайтынын түсініп, «102» операторына қоңырау шалды. Бұл іздеулерге Полиция департаментінің барлық қызметтері жұмылдырылған. Патрульдеу кезінде патрульдік полиция батальонының инспекторлары А.Омаров пен А.Болатов баланы тапты.
Бала заңды өкілге тапсырылды. Тағы бір сауалнамада бала өзінің 2012 жылы туған досымен өз аулаларының шегінен қалай байқамай шыққандарын жеткізді. Енді олар бұлай істеумеуге уәде берді.