Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Өмір бойы жүргізуші куәлігінен айырылған шығысқазақстандық мас күйінде көлік тізгіндеген

Өмір бойы жүргізуші куәлігінен айырылған шығысқазақстандық мас күйінде көлік тізгіндеген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Қауіпсіз жол” жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Катонқарағай ауданының полиция қызметкерлері Өскемен-Рахман қайнары республикалық тас жолында 37 жастағы Үлкен Нарын ауылының тұрғынының басқаруындағы Москвич автокөлігін тоқтатты. Жүргізушінің құжаттарын тексеру барысында полицейлер одан алкогольдің өткір иісі мүңкіп тұрғанын байқаған.

Куәландыру ер адам ауыр дәрежедегі мас күйде болғанын көрсетті.

Полицейлер қаскөйдің өмір бойы көлік құралын басқару құқығынан айырылғанын анықталды.

Ұсталған азаматқа қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігі (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру