Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Онлайн режимде өткен спорттық шара

Қызылордалық полицейлер наркологиялық орталықта ем алып жатқан азаматтар арасында онлайн режимде спорттық шара ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz. 

Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты карантин кезінде бос уақытты тиімді пайдалану мақсатында Қызылорда облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы салауатты өмір салтын ұстануға негізделген алдын алу жұмыстарын белсенді жүргізіп жатыр.


Қызылорда облыстық наркологиялық орталығының емделушілері шахмат, нарды ойнап, қол күрестірді. Жарысқа диспансердің 2,3,4 және 6 бөлімшесінің емделушілері қатысты.


Онлайн режимде өткен спорттық сайыс нәтижесінде “Үздік шахматшы” болып, нарды ойыны бойынша екі ойыншы үздік болып танылды. Ал бір ойыншы қол күрестен ең мықты армрестлер атанды (этикалық тұрғыда қатысушылардың жеке мәліметтері көрсетілмейді).

Тәртіп сақшылары мен медицина қызметкерлерінің бірлескен іс-әрекеттері қатысушылар тарапынан жақсы бағаланып, олар іс-шараны ұйымдастырған қызметкерлерге өз алғысын білдірді.
Полиция қызметкерлерімен ұйымдастырылған спорттық байқаудың барлық қатысушылары сыйлықтармен және дипломдармен марапатталатын болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру