Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында қылмыс саны азайып келеді

Жамбыл облысында қылмыс 27,5 процентке азайған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облысының Полиция департаменті басшысы болып ақпан айында тағайындалған Жанат Сүлейменов екі айда департаментпен атқарылған жұмыстарды қорытындылады. Екі айдың қорытындысы бойынша облыс аумағында қылмыс саны өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 27,5%-ке азайған.

Атап айтқанда, аса ауыр қылмыстардың ашылуы 18%-ке; кісі өлтіру қылмысының ашылуы 88,9%-тен 100%-ке; кісі өлтіруге оқталу қылмысының ашылуы 100%-ке өскен. Сондай-ақ, қарақшылық қылмыстарының тіркелуі 20%-ға төмендеп, ашылуы 100%-ға, бұзақылық қылмыстарының ашылуы 50%-дан 100%-ға артқан. Жалпы ұрлықтардың ашылу көрсеткіші 17,1%-ға (75%-дан 92,1%-ға), оның ішінде пәтер ұрлығын ашу 19%-ға (66,7%-дан 85,7%-ға) жоғарылаған. Қоғамдық орындарда жасалған қылмыстар саны 29%-ға төмендеген. Жүргізілген профилактикалық жұмыстардың нәтижесінде кәмелетке толмағандармен жасалынған қылмыстардың 53,8%-ға, мас күйінде жасалынған қылмыстардың 41,9%-ға төмендеуіне қол жеткізілді. Облыс бойынша ауыр қылмыстардың ашылу пайызы 79,2-ні құрады.

Кеңес барысында департамент басшысы қалалық және аудандық полиция бөлімдерінің басшыларын тыңдады. Ж.Сүлейменов статистика үшін емес, халық үшін жұмыс жасау керектігін жеткізді. Сонымен қатар, ПД басшысы кейбір басшыларға мемлекеттік тілді меңгеру керектігі туралы ескертті.

Сондай-ақ, жеке құрам арасында жемқорлық деректері анықталса, қызметкермен бірге басшысының жұмыстан кететіні бір бөлек, оны жауапқа тарту туралы жаза бар екенін жеткізді. Кеңес барысында Ж.Сүлейменов әр аудандық полиция бөлімдерінің басшылары аймақтың жағдайын толық меңгермейтінін де жасырған жоқ.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру