Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Оралда есірткіге қарсы акция өтті

БҚО-да “Орал жастары есірткіге қарсы” акциясы өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жастар қазіргі заманның ортақ проблемасына айналған мәселеге қатысты өз ойларын сурет арқылы жеткізді.

Сондай-ақ, қатысушылар садақ ату және қоян-қолтық күрес сияқты ұлттық спорт түрлерінде өз күштерін сынап көрді.

БҚО ПД есірткі қылмысына қарсы күрес бөлімінің аға жедел уәкілі Имиль Кеңесұлы мен Марина Алексеевна және кинология қызметі орталығының кіші инспекторы Лаура Ғаббасова қатысушыларға ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Бұл акцияның мақсаты – есірткінің қаншалықты зиян екенін көрсету, адамдарды мұндайдан аулақ болуға шақыру, салауатты өмір салтын қолдау.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру