Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Оралда танысының телефонын тартып алған ер адам ұсталды

Оралда ер адам өз танысының телефонын тартып алған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Орал қаласының тұрғыны БҚО ПД қызметкерлеріне арызбен жүгінді. Ол өзінің 1986 жылы туған танысын үйіне шақырып, бірге шарап ішкен. Ішімдікке сылқия тойып алған екеуінің арасында кішігірім жанжал басталады. Нәтижесінде қонақ жәбірленушінің үйінде оған күш көрсетіп, телефонын алып кеткен.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазіргі таңда тонау фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 191-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру