Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Оралда ұландықтар өзімен пышақ алып жүрген ер адамды ұстады

Оралда ұландықтар өзімен пышақ алып жүрген ер адамды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2 қараша күні патрульдік топ бастығы сержант Данияр Қанатқалиев қатардағы Нұрдәулет Әскербек және қатардағы Наиль Шариповпен бірге өзіне берілген аймақта қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп жүріп, күдікті ер адамды байқайды.

Кешкі сағат 19.15 шамасы кезінде “Север-Восток” ауданындағы көп қабатты үйлердің маңынан белгісіз азаматты тоқтатады. Тінту жұмыстары барысында Орал қаласының тұрғынының күртешесінің сол жақ қалтасынын 7-8 см ұзын жүзді жиналмалы пышақ табылды.

Ұландықтар оқиғаны дереу әскери жасақ кезекшісіне баяндап, күдіктіні Орал қаласының  Полиция басқармасына жеткізді. Қазіргі уақытта істің мән-жайы анықталуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру