Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ордабасылық полицейлер 100-ден астам күркетауық ұрлағандарды ұстады

Ордабасылық полицейлер 100-ден астам күркетауық ұрлағандарды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ордабасы АПБ-не жергілікті тұрғын арызданып келеді. Ол өзінің арызында құс өсіретін фабрикасына белгісіз біреулер ұрлыққа түсіп, 102 дана күркетауығын жымқырып кеткенін айтқан. Ұрланған күркетауықтың әрқайсысының құны 11 мың теңгені құрайды. Жәбірленушіге келтірілген шығынның жалпы көлемі 1 миллион теңгеден астам.

Аталған жайтты ордабасылық полицейлер ҚР ҚК 188-бабының 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша тіркеп, іздестіру жұмыстарын бастап кетті.

Ұрыларды ұстауға жедел тергеу тобы құрылды. Полиция қызметкерлері жан-жақты тексеру жұмыстарын жүргізді. Көрген-білгендерден жауап алды. Нәтижесінде тәртіп сақшылары ақпарат көздері мен бейнекамера арқылы екі күдіктіні қолға түсірді. Күдіктілер Бадам ауылының тұрғыны болып шықты. Қазіргі таңда ұрыларға қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Тергеу барысында анықталғандай, аталған екі күдікті ұрлықты жоспарлы түрде ұйымдастырған. Сонымен қатар күдіктілер бұл іске басқа сыбайлас екі азаматтың қатысы барын айтты. Сондай-ақ полицейлер қылмысты түнгі 4:00 шамасында жасағандары белгілі болды. Бүгінгі таңда екі күдікті қамауда. Оның бірі бұрын ҚР ҚК-нің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша қылмыс жасап, сотты болған. Қазіргі таңда күдіктілердің сыбайластарына қатысты іздестіру амалдары жүруде.

Түркістан облысының полицейлері үй жануарларына сақ болуға және мүліктерін қараусыз қалдырмауға кеңес береді. Шаруашылық аулалары мен қораларды сенімді қоршаумен нығайтып, аулаларды жақсы жарықпен жабдықтау қажет. Мал ұрланған немесе жоғалған жағдайда, дереу полицияға “102” телефоны бойынша хабарласу керек. Бұл өз кезегінде қылмысты “ізін суытпай” ашуға көмектеседі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру