Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Өрт сөндірушілер кезекті өртті ауыздықтады

Қостанай қаласында пәтер өртеніп, өрт себебі анықталып жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

8 маусымда Қостанай қ. № 5 өрт сөндіру бөліміне Қостанай қ. Әл-Фараби 43 көшесі мекен-жайы бойынша пәтер жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Өрт сөндірушілер келген
бойда балконның қаптамасы жанып жатқаны анықталды, жанудың жалпы ауданы төрт шаршы метрді құрады. Өрт сөндірушілердің жедел әрекеттерінің арқасында өрт сағат 13-50мин те өрт жойылды.

Өртті сөндіруге “ӨС және АҚЖҚ” ММ жеке құрамынан 10 адам және үш бірлік техника жұмылдырылды.
Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт себебі мен материалдық шығын анықталып жатыр. Пәтерден үш адам эвакуацияланды, оның ішінде бір бала.
Өзіңізді, туыстарыңызды және жақындарыңызды қайғылы жағдайдан қорғау үшін қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаңыз. Өрт немесе жану белгілері анықталған жағдайда дереу “101” немесе “112” телефондарына хабарлаңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру