Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Наубайхана цехы”

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД ЕС-164/3 мекемесінің наубайхана цехы Солтүстік
Қазақстан облысының барлық мекемелерін жаңа піскен, ыстық нанмен қамтамасыз
етеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Наубайхана цехы “Еңбек-Қызылжар” филиалының № 3 өндірістік учаскесіне жатады. Орташа есеппен тәулігіне 600 бөлке нан пісіріледі. Онда тоғыз сотталған жұмысқа орналастырылды.
Сотталғандарды жұмысқа орналастыру кезінде нан пісіру өндірісінде сотталғандардың жұмыс тәжірибесі мен дағдылары, мекеме бухгалтериясындағы талап арыздары мен атқару парақтарының болуы ескерілді.
Нан пісіру кезінде сотталғандар әрбір пісірілген бөлкеге өз жанның бір бөлігін салады.

– Бір нанның салмағы 720 грамм. Нан қала дүкенінің сөрелерінде сатылатын нан-тоқаш өнімдерінен кем түспейді. Әрбір жұмысқа орналасқан сотталған наубайханада кесімді жалақы алады, сол арқылы талап – арыздарын өтей отырып, сондай-ақ өзінің туыстары мен жақындарына көмектесе алады, – СҚО бойынша ҚАЖД ЕС-164/3 мекемесінің бастығы Тамерлан Валиев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру