Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Өскемен тұрғындары баспана сатып аламыз деп ақшасынан айырылды

Өскемен тұрғындары баспана сатып аламыз деп ақшасынан айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өскемен қаласы ПБ Ертіс полиция бөлімінің кезекші бөліміне 34 жастағы азамат жүгінген, бейтаныс әйелдің пәтерді тез сатып алуға көмектесуге уәде бергені туралы хабарлаған. Өз қызметі үшін ол жәбірленушіден 7 млн теңге алған. Алайда ер адам бұдан кейін баспананы да ақшаны да “көмекшінің” өзін де көрмеген.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде криминалдық полиция қызметкерлері 57 жастағы жергілікті тұрғынды әшкерелеген, ол алаяқтық жасағанын мойындаған.

Бүгінгі күні қаскөй ұқсас қылмыстар жасағаны үшін түзеу мекемесінде екені анықталды. Іс жүргізу барысында оның тағы екі ұқсас алаяқтыққа қатысы бар екені анықталды, ол туралы тұрғын үй сатып алуға әрекеттену барысында ақшалай қаражатын жоғалтқан өскемендіктер хабарлады.

Аталған фактілер бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру