Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Өскемен тұрғыны тіркелмеген мылтығын иесіз қалған ғимаратқа жасырғандығы анықталды

Өскемен тұрғыны тіркелмеген мылтығын иесіз қалған ғимаратқа жасырғандығы анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ШҚО Полиция департаментінің қызметкерлері “Учаске” республикалық жедел алдын алу іс-шарасы аясында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ атыс қаруын заңсыз айналымнан алу бойынша тиісті іс-шаралар жүргізуде.

Ағымдағы жылдың 4 қарашасында Өскемен қаласының Үлбі ПБ жедел уәкілдеріне жергілікті тұрғындардың бірі тіркелмеген қаруды өз үйінде заңсыз сақтайтыны туралы ақпарат келіп түсті.
Келіп түскен ақпаратты тексеру барысында облыс орталығының 39 жастағы тұрғыны анықталды. Ол қала көшелерінің бірінде орналасқан қараусыз қалған ғимараттың 2-қабатында кірпіштердің астына атыс қаруын жасырғаны белгілі болды.

Маманның қорытындысына сәйкес алынған “ЗК-16” тегіс, бір ұңғылы аңшылық мылтығының оқпанын қолдан қысқарту арқылы дайындалған, оқ атуға жарамды, тегіс ұңғылы шолақ атыс қаруы екенін көрсетті.

– Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Аталған азамат қаруды қайдан алғаны анықталуда, тергеу нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады, – дейді ПД бастығы Сағат Мадиев.

Аталған баптың санкциясы бес жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.

Сонымен қатар, Полиция департаменті тіркелмеген қаруды өз еркімен тапсырған азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылатынын ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру