Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Өскеменде борышкерлердің көлігі айып тұрағына қойылды

Өскеменде "Борышкер" жедел-профилактикалық іс-шарасының қорытындысы шығарылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

9-11 маусым аралығында Өскемен қаласының аумағында "Борышкер" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – азаматтардың құқықтық және атқарушылық тәртібін арттыру, сондай-ақ әкімшілік айыппұлдар бойынша берешектерді өндіріп алу болды.

Үш күн ішінде полиция қызметкерлері 919 хаттама толтырды. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 370-тен астам әкімшілік айыппұл өндіріліп, 77 нұсқама орындалды. Сонымен қатар берешегін өтеу қажеттілігі туралы 361 борышкерге ресми хабарлама табысталды.

Әкімшілік өндіріп алулардың орындалуын қамтамасыз ету мақсатында борышкерлерге тиесілі 6 автокөлік мамандандырылған айып тұрағына қойылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру