Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Өскеменде дәстүрлі полиция эстафетасы өтті

Өскеменде дәстүрлі полиция эстафетасы өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кәсіби мереке қарсаңында ШҚО тәртіп сақшылары жеңіл атлетикалық жарыс өткізді.

Жарыстың ерекшелігі- қатысушылар күнделікті киіп жүретін нысанды киімде қатысты. Өйткені, күнделікті полиция қызметкерлері құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алуға бағытталған қызметті жүзеге асыруда, ыңғайлы спорттық киімде емес, шалбар мен көйлектерде жүгіру керек.
Эстафетаға Полиция департаменті аппаратының бөлімшелері, Өскемен қаласы Полиция басқармасы, Ертіс, Үлбі, Солжағалау ПБ, сондай-ақ облыстық орталығына жақын орналасқан Глубокое және Ұлан аудандарының ПБ командалары өздерінің шыдамдылықтары мен жеңіске деген ерік-жігерлерін көрсетті.

Жүгіру дистанциясы екі мың метрді құрады, әр команда бес адамнан тұрды. Жарыстың әр қатысушысы эстафеталық таяқшаны әріптесіне тапсырып, 400 метр қашықтықты жүгіріп өтті.
Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді: бірінші орынды – Ертіс ПБ командасы, екінші орынды – Өскемен қ. ПБ аппаратының командасы, 3 орынды – ШҚО Полиция департаменті аппаратының қызметкерлері иеленді.

Жеңімпаздар кубоктармен, медальдармен, грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру