Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Өскеменде учаскелік полиция инспекторлары халықаралық іздеуде жүрген қылмыскерді ұстады

Өскеменде учаскелік полиция инспекторлары халықаралық іздеуде жүрген қылмыскерді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 27 қазанында “Учаске” жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу кезінде, пәтерді аралау барысында полиция қызметкерлері Еркебұлан Ордабаев пен Айбек Сиязбековке облыс орталығының 50 жастағы тұрғыны көмек сұраған. Белгілі болғандай, оның танысы спирттік ішімдіктерді ішу кезінде үйінде оған дене жарақатын салып, белгісіз бағытта кетіп қалған.

– Аталған факті бойынша тәртіп сақшылары дереу тексеру жүргізіп, нәтижесінде аталған ер адамның 2021 жылдың маусым айынан бастап есірткі заттарын заңсыз сақтағаны және тасымалдағаны үшін халықаралық іздеуде болғаны анықталды, – деп атап өтті Өскемен қаласының полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Орал Рыспаев.

Қабылданған шаралармен аталған қылмыскер ұсталып, ол 1981 жылы туған азамат болып шыққан, қазіргі уақытта оған қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. ҚР ҚК-нің 297-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, оның санкциясы 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру