Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Өскемендік сақшылар танысына 4 млн теңге қарыз болған әйелді тапты

Өскемендік сақшылар танысына 4 млн теңге қарыз болған әйелді тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Маусым айында Өскемен қалалық ПБ Көші-қон қызметі бөліміне жеке сот орындаушысының облыс орталығының 48 жастағы тұрғынынан 4 млн теңгеге жуық қарызды өндіріп алу туралы қаулысы келіп түсті.

Әйел өзінің танысынан 2,5 млн теңгені пайызбен қарызға алып, белгіленген мерзімде қайтармаған. Шамамен екі жыл бойы борышкер ақша қайтармай, досынан жасырынып жүрген. Сот дауларынан кейін қарыз 4 млн теңгеге дейін ұлғайды.

Көші-қон қызметінің қызметкерлері бір тәулік ішінде іздеу жұмыстарын бастамай-ақ, борышкердің мекенжайын анықтады, белгілі болғандай, осы уақыт бойы әйел Өскеменде тұрған. Енді қарызды өндірумен сот орындаушылары айналысатын болады.

ШҚО ПД Көші-қон қызметі атқару құжатын орындамағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік және ҚР ҚК-ның 139-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру