Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Есірткісіз болашақ”: павлодарлық полицейлер сурет байқауын өткізді

Павлодарлық полицейлер балалар арасында “Есірткісіз болашақ” сурет байқауын өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ұйымдастырған сабақ барысында дарынды балалар жас ұрпақтың үлкен мүмкіндіктерін бұзатын зиянды әдеттерсіз бақытты болашақ туралы өз көзқарастарын көрсетті.

Сабақ тақырыбын талқылау барысында балалардың шебер қолдары мен қылқаламдары, ақ форматтардағы ашық бояулармен Қазақстан даласының бейнелі пейзаждары, бақытты отбасылар және қызықты серуендер пайда болды.

– Бүгін біз балалардың дұрыс өмір салтын ұстану, армандау және әрқашан өз мақсаттарына қол жеткізу қаншалықты маңызды екендігі туралы тағы бір рет ойлануы үшін осындай ерекше сабақ ұйымдастырдық, – деді Павлодар қаласы Полиция басқармасының Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің аға жедел уәкілі Эльмира Сейтахметова.

Полицей оқушылардың барлық жұмыстары @dp_pavlodar Instagram-аккаунтында жарияланатынын, онда жазылушылар өздеріне ұнайтын композицияларға дауыс бере алатынын атап өтті. Жеңімпаз департаменттің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бағалы сыйлығымен марапатталады.

– Мұндай іс-шараларды полиция қызметкерлері біздің балалар үшін жыл сайын өткізеді. Бұл өте маңызды, өйткені тәртіп сақшыларының өздері үшін дұрыс жолды таңдау қаншалықты маңызды екендігі туралы кеңестері оқушылардың жадында сақталады. Біз балалармен осындай тақырыптарды талқылаймыз және олар есірткі жай ғана жаман іс емес, ол тұңғиық түбі екенін біледі, – деді көркемсурет мектебі директорының орынбасары Гүлнар Мұхаметқалина.

Қызықты сабаққа 11-14 жас аралығындағы 17 оқушы қатысты. Сабақ соңында полицейлер балаларға дәмді сыйлықтар табыстады, ал үздік суреттің авторы демалыс күндері қаланың орталық жағалауында бағалы сыйлықпен марапатталады. Сондай-ақ, әр сурет Орталық жағалаудағы арбатта қойылып, полиция қызметкерлерінің де, жас суретшілердің ата-аналарының жұмыс үстелдерін безендіретін үстел күнтізбелеріне басылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру