Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Отбасылық қарым-қатынаста құқық бұзған 192 адам жауапқа тартылды

Ақтөбе облысының аумағында биыл 10 мен 1шілде аралығында “Есептегі элемент” атты жедел алдын алу іс-шарасы жүргізіліп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел алдын алу іс-шарасының мақсаты – рецидивтік қылмыстың, отбасылық-тұрмыстың қарым-қатынас саласындағы, мас күйінде жасалатын құқық бұзушылықтың алдын алу және болдырмау болып табылады.

Бүгінгі таңда ПБ-ның алдын алу есебінде екі мыңнан астам адам тұрады.

Жедел алдын алу іс-шарасы жүргізу барысында учаскелік полиция инспекторлары ПБ-ның есебіне 240қа жуық адамды анықтап, есепке алды. Сондай-ақ, отбасылық қарым-қатынаста құқық бұзған 192 адамға қатысты қорғау нұсқамасы шығарылып, 46 құқық бұзушыға қатысты сот арқылы мінез-құлықтарына ерекше талап белгіленді.

Есепке алынғандардың тарапынан қоғамдық орында құқық бұзушылық жасағаны және сот арқылы қойылған шектеулерді бұзығаны үшін 35 құқық бұзушылық анықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру