Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында құқық бұзушылықтар жиілеп кетті

Ақтөбе облысы ПД полиция қызметкерлері есепке алынған 1991 адамды тұрғылықты жері бойынша тексерді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Облыс аумағында карантиндік шектеу шараларының енгізілуіне байланысты адамдардың басым көпшілігі сыртқа шықпай, үйде болады. Нәтижесінде отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында құқық бұзушылықтар жиілеп кетті.

2020 жылдың сегіз айының қорытындысы бойынша 423 қолайсыз отбасы және 1007 маскүнемнің ішінде 424 адам есепте тұр, 304 адамға  қатысты сот ерекше талаптар белгілеген.

Бүгінгі күні Ақтөбе облысы ПД полиция қызметкерлері есепке алынған 1991 адамды тұрғылықты жері бойынша тексерді, оның ішінде есепке алынған адамдарға қатысты 424 қорғау ұйғарымы, 290 ерекше талаптар шығарылды.

Есепке алынған 977 маскүнем мен 300 қолайсыз отбасыларды да тексерілген болатын.

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу шараларының бірі қорғау нұсқамаларын шығару және құқық бұзушының мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеу. Сонымен қатар, ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабы (Отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеттері үшін) бойынша 1252 отбасылық жанжал тудырушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру