Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алаяқтардың әрекеті әшкереленді

Ақтөбелік полицейлер алаяқтықтың кезекті фактісін ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

16 қыркүйек күні полиция бөліміне алаяқтық дерегі туралы 36 жастағы ақтөбелік жүгінді. Маусым айында орталық базарда бейтаныс жігіт пластикалық терезелер дайындау сылтауымен жәбірленушінің 50 мың теңге сомасындағы ақшасын иемденген. Аталған факті бойынша күдікті ретінде 48 жастағы ақтөбелік полиция бөліміне жеткізілді. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ, 16 қыркүйекте полицияға 51 жастағы ақтөбелік хабарласып, алаяқтық туралы арызданған. 2020 жылғы тамызда бейтаныс жігіт пәтер жөндеу жұмыстарын жүргізем деген сылтаумен сенімге кіріп, ақтөбеліктің 25 мың теңге сомасындағы ақшасын жымқырған. Полицейлер Құрайлы кентінің 37 жастағы тұрғынын ұстады.

Аталған факті  негізінде ҚР ҚК 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Осы қылмысты жасағаны үшін оның мүлкі тәркіленіп, бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ақтөбе облысы Полиция департаменті ақтөбеліктерді аса сақ болуға және алаяқтардың арбауына түспес үшін бейтаныс адамдарға сенбеуге шақырады. Құнды заттарды немесе ақшаны бейтаныс адамдарға тапсыра отыра, сақтық пен қырағылық таныту қажет.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру