Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Үйден титан дисклерін ұрлап кеткен ақтөбелікке қатысты тергеу жүргізілді

Ақтөбеде үйден титан дискілерді ұрлап кеткен 35 жастағы тұрғын ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысы Полиция департаменті  ақтөбеліктерді жеке мүлкін сақтау үшін барлық қауіпсіздік шараларын қабылдауға, бейнебақылау камераларынсыз, күзет немесе сигнализация жүйелерінсіз үй-жайларды және бағалы заттарды қараусыз қалдырмауға шақырады.

Кезекті ұрлық фактісі қыркүйек айында орын алды. 16 қыркүйекте полиция бөліміне көліктің титан дискілерін ұрлау туралы арыз түсті.

58 жастағы ақтөбелік қыркүйек айының басында А.Молдағұлова даңғылындағы үйдің төбесінде резеңке тиелген төрт дана титан дискілерінің ұрланғанын мәлімдеді.

Полицейлер күдікті ретінде 35 жастағы ақтөбелікті ұстады. Белгілі болғандай, күдікті ғимараттың төбесіне шығып, резеңке титан дискілерін ұрлап кеткен. Шығын 40 мың теңгені құрады. Ұсталған азамат қылмысын мойындады, ұрланған зат тәркіленді.

Аталған факт негізінде ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Осы қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру